«Талибан» жетекшісі алғаш рет көпшілік алдына шықты – БАҚ
01 Қараша 2021, 11:46 1555

«Талибан» жетекшісі алғаш рет көпшілік алдына шықты – БАҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибан» қозғалысының жоғарғы көшбасшысы (Жоғарғы соттың шешімі бойынша Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Хайбатулла Ахунзада жетекшілік жасағаннан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Лаңкестік топ өкілдерінің айтуынша, 30 қазанда Ахунзада Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласындағы «Дарул Улум Хаким» медресесіне барған. Ол өз сөзін «ержүрек сарбаздар мен шәкірттерге» арнаймын деп бастады. «Талибан» жетекшісінің сөйлеген сөзінде тек дінге қатысы бар әңгімелер айтылған, саяси мәлімдемелер болған жоқ.

20 жыл бойы кәпірлер мен залымдарға қарсы күрескен Ауғанстанның езілген халқына Алла сауабын берсін. Менің мұндағы ниетім сіз үшін дұға ету, ал сіз маған дұға етіңіз, - деді Ахунзада.


Фото: дереккөз
Загрузка...