Талғат Мұхамедқалиев жаңа басқару нысанына көшудегі кедергілер туралы айтты

21 Сәуір 2021, 12:58
2078
Бөлісу:
Талғат Мұхамедқалиев жаңа басқару нысанына көшудегі кедергілер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қоғамдық қорғаушы» ҮЕҰ Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Мұхамедқалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібін түсіндіру туралы өткен брифингте айтты.

Алматы бойынша 3555 басқарудың жаңа нысаны тіркелді. Оның ішінде 180-нен астамы біздің көмегімізбен жүзеге асырылды. Біз 2020-2021 жылдары 200-ден астам жиын өткізіп, 2 мыңнан астам тұрғынға жаңа заңға енген өзгертулер бойынша түсініктеме бердік. Қазір біз сот қызметімен айналысамыз. Қазір 20-дан астам істі біздің заңгерлер қарап жатыр. Оның негізгі себебі ескі басқару нысандары үйлерді тапсырғылары келмейді. Осыған сәйкес істердің көбі мәжбүрлі тапсыруға қатысты болып отыр, - деді Мұхамедқалиев.

Ол атағандай, Алматы қаласы бойынша қарқын ай санап артып отыр.

2020 жылдың наурызында 5 жаңа басқару нысаны тіркелсе, қазір 40-50 үй тіркеліп жатыр. Бұл - өте үлкен қарқын. Реформаның өзі мерзім бойынша ақсап қалды. Оған падемия да әсер етті. Себебі жиын өткізуге мүмкіндік болмады. Дегенмен пандемия жаңа басқаруға көшуге түбегейлі әсер ете алмайды, - деді ол.

Мұхамедқалиев атағандай, жаңа басқару нысанына көшуде өзге де кедергілер бар.

Ол тұрғындарға жеткізілетін ақпараттың, брошюралардың жетпеуі. Ақпарат бар, алайда ол көп жағдайда электронды түрде таратылады. Тұрғындар оны қағаз түрінде алғысы келеді. Сондай-ақ пәтер иелерінің тарапынан қорқыныш та бар. Себебі олар өзіндік басқаруды жүзеге асыра ала ма, жоқ па, оны білмей жатады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы