Талғарда мас жүргізуші жол жиегінде тұрған қызды қағып кетті

17 Қазан 2021, 11:32
22035
Бөлісу:
Талғарда мас жүргізуші жол жиегінде тұрған қызды қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға 17 қазанға қараған түні болды, деп хабарлады zakon.kz.

Қыз Талғар трактіндегі Magnum супермаркетінен шығып, жол жиегіне тұрып, такси ұстаған.

Шығыс бағытқа қарай жүріп келе жатқан Honda CR-V автокөлігі жол жиегінде тұрған қызды қағып кеткен. Соққыдан ол бірнеше метр қашықтыққа ұшып кеткен.

Honda жүргізушісі тоқтамай, оқиға орнынан қашып кетті. Шамамен бір шақырымнан кейін ол оң қатарда жүріп келе жатқан Toyota Camry автокөлігімен соғылады.

Toyota жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып, тұраққа қойылған Mercedes-пен соғылады. 

Honda қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жол бойында тоқтайды. Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі агрессивті әрекет етіп, жасырынуға тырысқан. Айналасындағылар оған жол бермеді. Оны полиция қызметкерлері келгенге дейін ұстап тұрған. Жүргізушіні полиция медициналық куәландыруға алып кетті. Куәгерлердің айтуынша, ол қатты мас болған.

Көлік қаққан қыз жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.



Өзгелердің жаңалығы