Бас жаңалықтар
Талғар ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды
16 Қаңтар 2021, 16:26 850

Талғар ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов көз жұмды.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Дегенмен дәрігердің өлімінің себебі дәрігерлік құпия ретінде сақталуда.

62 жастағы дәрігер Нұрлан Құлсейітов бүгін қайтыс болған. Azattyq Rýhy оның көз жұму себебін коронавирус деп жазды.

Бас дәрігердің өкпесі 90-95 пайызға қабынған. Ол осыдан тоғыз жыл бұрын көлік апатына түсіп, көптеген жарақатқа қарамастан аман қалған. Бұл апат оның денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймады. Сондай-ақ желідегі жұртшылықтың сыны да ауыр тиді, - деп сұқбат берген Талғар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ахмет Ашимахун Azattyq Rýhy-на.

Еске салсақ, біраз уақыт бұрын желіде Нұрлан Құлсейітовтің видеосы ел талқысына түскен болатын. Онда бас дәрігердің қатты ашуланып, үстелді бірнеше рет тоқпақтап, кездесуден шығып кеткені көрсетілген.


Фото: дереккөз
Загрузка...