Бас жаңалықтар
Талдықорғанда COVID-19-дан көз жұмғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды
13 Шілде 2020, 16:45 132

Талдықорғанда COVID-19-дан көз жұмғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ел Президенті жариялаған Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күнінің аясында коронавирустан көз жұмған Алматы облысының тұрғындарын бүгін Талдықорғанда бір минут үнсіздікпен еске алды. Еске алу шарасына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қаралы митинг облыстық әкімдіктің жанындағы орталық алаңда, Мемлекеттік Ту тұғыры тұрған алаңда, облыстық аурухана ғимараты маңында барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Өңірдегі ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, медицина мамандары індеттен қаза болғандарды құрметпен еске алды.

 



Фото: дереккөз
Загрузка...