Бас жаңалықтар
Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды
12 Сәуiр 2019, 12:06 805

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметті Тараз қаласының экс-әкімі Ғалымжан Әбдірайымов атқарады, деп хабарлады Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі.  

Осыған дейін Талдықорған қаласының әкімі болған Дастан Шалтабаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Дастан Шалтабаев Талдықорған қаласының әкімі болып бір жыл ғана істеді. Ол бұл қызметке 2018 жылдың мамыр айында тағайындалған болатын.

Ғалымжан Әбдірайымов 1965 жылы туған, білімі жоғары. 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2003 жылы «Тұран» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы «Шығыс» ұжымшарында құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.

1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, «Алрай» шаруа қожалығының төрағасы, «Альтаир» ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры болған.

1998-2002 жылдары Алматы қалалық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары болды.

2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры - ҚР мемлекеттік құрылыс инспекторы лауазымдарын атқарды. 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары болды. 

2018 жылдың сәуір айынан бастап, осы уақытқа дейін Тараз қаласының әкімі қызметін атқарған.



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық