Талдықорғанда пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

22 Қыркүйек 2021, 11:06
3865
Бөлісу:
Талдықорғанда пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Талдықорған, BAQ.KZ тілшісі. Талдықорған қаласындағы облыстық Жұқпалы аурулар ауруханасының алдында коронавирус пандемиясымен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған «Аяулы алақан» атты ескерткіш қойылды. 

Ескерткіштің ашылуы Талдықорған қаласы күніне орайластырылған. Өйткені биыл Талдықорғанның Алматы облысының орталығы болғанына 20 жыл толып отыр.  

Талдықорғанда пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Ескерткіштің идея авторы әрі композициясы облыс әкімі Амандық Баталовқа тиесілі. 

Талдықорғанда пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Бұл ескерткіш дәрігерлердің алтын алақаны дегенді білдіреді. Пандемия әлі біткен жоқ, онымен күрес жүріп жатыр. Онымен күні-түні күресіп, үйін көрмей ауруханадан шықпай, сол жерде өздері де ауырып, қаза болған дәрігерлер бар. Олар өз анттарына берік болды. Оларға құрмет ретінде бүгін осы ескерткішті ашып отырмыз, - деді Баталов. 

Талдықорғанда пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Жиын барысында пандемиямен күресте қаза тапқан дәрігерлердің есімдері аталып, еске алынды. Қаза тапқан дәрігердің бірі Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының амблаторлық ауруханасының бас дәрігері Сертай Сағиев. Жиында марқұмның қызы онколог дәрігер Мәдина Сағиева сөз сөйледі. 

Талдықорғанда пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Пандемиямен күресте үлес қосып жатқан әріптестеріме алғыс білдіремін. Бүгін дәрігерлердің үлесін ескеріп әдемі ескерткішті ашып отырған Алматы облысына алғысым шексіз. Бұл осы қиын күндерден ескерткіш болып қалады, - деді ол. 

Талдықорғанда пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Пандемиямен күреске облыстан 31 медициналық ұйым жұмылдырылған, оның ішінде 4-і Талдықорған қаласында орналасқан. Амбулаториялық және стационарлық деңгейде үш жарым мыңға жуық  медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер және 2604 кіші және орта буын дәрігерлері тартылды. Пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен барлығы 13,8 млрд теңге бөлінді, медициналық жабдықтармен жарақтандыру 79-дан 90 пайызға дейін өсті. Ал пандемия басталғаннан бері коронавирус пен пневмониядан 51 мыңнан астам адам жазылып шықты.

Талдықорғанда пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Ескерткіштің авторы мүсінші Мирлан Азмағамбетов. Мүсіннің биіктігі 1,2 м, ұзындығы 3,8 м, ені 2,8 м, қоладан жасалған.

Өзгелердің жаңалығы