Талдықорғанда мейрамханалар жұмысын жалғастыру үшін әкімдікке пара берген

30 Шілде 2021, 11:55
1564
Бөлісу:
Талдықорғанда мейрамханалар жұмысын жалғастыру үшін әкімдікке пара берген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғалары болып табылатын мониторингтік топ мүшелерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесті.

Осылайша, осы бөлімнің басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен келісіп, «COVID-19» коронавирус инфекциясымен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамау үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Сондай-ақ жоғарыда аталған пара сомасын берген мейрамханалардың 5 әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Лауазымды адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Тергеу жалғасуда. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы