Талдықорғандағы қоғамдық көліктерде электронды төлем енгізілді

29 Қараша 2020, 10:15
1585
Бөлісу:
Талдықорғандағы қоғамдық көліктерде электронды төлем енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғандағы қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі енгізілді, деп хабарлады «Хабар 24». 

Соған сәйкес бүгіннен бастап жолаушылар жолақысын картамен немесе мобильді қосымшаның QR коды арқылы аударса бұрынғыдай 80 теңге, ал қолма-қол есептесе 120 теңге төлейді. Ол үшін қала аумағында жүретін автобустардың барлығына арнайы құрылғы орнатылып, 500 теңгеден төлем карталары сатылып жатыр. 

«Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында қолға алынған бастама жеке инвестор есебінен жүзеге асады. Жетпіс жастан асқандар мен көп балалы аналар үшін тегін жүру жеңілдігі сақталып отыр. Жауапты мамандар бұндай жаңашылдық саладағы ашықтықты қамтамассыз ететінін айтады. 

Қажет жағдайда тасымалдаушы компанияларды субсидиялауға мүмкіндік береді. Тасымалдаушылардың табысы белгілі болады. Және карантин кезінде картамен төлем жасаған дұрыс. Соның нәтижесінде ауру жұқтырудың алдын алуға болады деп есептейміз. Тағы бір айта кететін жайт, егер валидатор істемей қалса, жолаушылар тегін жүреді, -дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшының м.а Нұрбақыт Алтынбеков.  




Өзгелердің жаңалығы