Бас жаңалықтар
Талдықорғанда демалыс күндері локдаун енгізіледі
14 Қаңтар 2021, 08:40 108

Талдықорғанда демалыс күндері локдаун енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда қаңтардың 16-сы мен 17-іне локдаун жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес демалыс күндері қоғамдық көліктер таңғы 06:00-ден 22:00-ге дейін және кешкі 17:00 мен 20:00 аралығында ғана жүретін болады. Ойын-сауық орталықтары, моншалар, спорт және мәдениет нысандары, базарлар жабылады. Қоғамдық тамақтану орындары тапсырыс негізінде жеткізіп берумен шұғылданады. Облыс орталығында азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар қалыпты жағдайда қызмет көрсетпек. Еңбеккерлердің 80%-і жұмысын қашықтан атқарады. Мектептерді штаттық режимге көшіру осы айдың аяғына дейін шегеріліп отыр. Санитарлық талапты күшейтуге сырқаттанғандар санының артуы себеп болған. Мәселен, өткен он үш күн ішінде 166 адамнан індет белгілері анықталды

Талдықорған қаласы бойынша Ақын Сара көшесі мен Шевченко көшесіне дейін және Құрманов көшесінен Қабанбай көшесінің орталығына шектеу шаралары қолданылады. Ол жерде полиция демалыс күндері күзетіп, жабайы сауда жасайтындарға және халықтың жүріс-тұрысына көпшілік жиналмасын деген талаппен шектеу қойылды. Мамандандырылған машина дейді ғой, оларға шектеу қойылмайды, - деді қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Мелдебаев.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...