Талай қазақ баласы Ресейде онлайн оқып жүр

1 Шілде 2020, 16:46
2116
Бөлісу:
Талай қазақ баласы Ресейде онлайн оқып жүр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда пандемияға дейін де қашықтан оқитын оқушылар бар. Бірақ олар қазақстандық емес, Ресейдің мектебінде оқиды. Алматы тұрғыны Роза Әшірбаева екі баласы мәскеулік мектепте онлайн білім алып жатқанын айтты.

WhatsApp Image 2020-07-01 at 16.27.40.jpeg
Мәскеуде отбасылық форматтағы қашықтан оқуға қатысамыз. Оқушы мектепке бармай, үйде онлайн арқылы оқиды. Бұл формат Ресейде 5-6 жыл бойы сәтті жұмыс істеп жатыр. Барлық кедергіні ескеріп, техникалық олқылықтарын жойған. Мемлекеттің де қолдауы бар. Аттестатты да алғандар бар. Осындай кесте бойынша балаға білім алған ыңғайлы. Оқушы мектептің кестесі бойынша сабақты өтіп, үй тапсырмасын орындауы керек. Барлығы мектептің бағдарламасына сәйкес, тек үйде оқиды, - деді ол. 

Оның айтуынша, мұндай қашықтан оқу алғашында спортпен айналысатын, шығармашылық жолда жүрген балаларға бағытталған. 

Оларға мектептегі оқу кестесі ыңғайсыз болған. Олар қосымша жаттығулар мен курстарға барады. Сондықтан үйден білім алу мүмкіндігі берілді. Бұл - балалардың уақытын үнемдейді. Күніне онлайн оқытуға бала 1-2 сағат қана көңіл бөледі. Қалған уақытта өзге шараларды атқарып, бақытты балалық шағын қалыптастырады. Қазір мектепте балалар 7-8 сағат жүреді. Ыңғайсыз мектеп формасын шешпейді. Мен де мемлекеттік органда істедім. Арнайы формамен жүру өте ыңғайсыз, - деді Алматы тұрғыны. 

Роза Әшірбаева жоба туралы интернет арқылы білген. 

Былтыр жазда балаларымызды басқа мектепке ауыстыру туралы ойландық. Уақыт тапшылығынан өзге нұсқаларды қарастыра бастадық. Жекеменшік мектептерді қарастырдық. Алайда, оның қаржысы екі балаға қомақты болды. Орта мектептерден ешбір айырмашылығы болмады, - деді ол. 
Балаларым былтырғы қыркүйектен бастап оқып жатыр. Биыл оқу жылын аяқтады. Кіші балам наурыз айының басында, үлкені мамыр айының соңында 7-сыныпты аяқтады. Келесі сыныптарға көшуге екеуінің де рұқсаты бар. Бұл оқыту форматы отбасылық кестені қалағанымызша жоспарлауға мүмкіндік береді, - деді ол. 

Ол атап өткендей, интернет бар жерде балалар білім ала береді. 

Пандемияға дейін көп саяхаттаймыз деген жоспарымыз болған. Балалар әлемнің кез келген елінде отырып, білім ала береді. Бұл формат сонысымен ыңғайлы. Экономикалық тараптан да тиімді екенін айта кеткен жөн. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына да тиімді, - деді ол.

Роза атағандай, олар Қазақстанда да осындай онлайн форматта білім алуды қалайды.

Жолдасым екеуміз де фрилансер болып жұмыс істейміз. Ата-аналарда таңдау болу керек. Мемлекеттік білім алған дұрыс. Алайда, ата-аналарда таңдау жоқ. Біз кез келген орыннан жұмыс істейй бергіміз келеді. Мектепте таңертеңнен кешке дейін балаларымызды оқыту форматы ұнамайды. Ресейдің мектебінде оқып, ресейлік аттестат аламыз. Балаларымыз қазақтың тарихынан, әдебиетінен құр қалайын деп отыр. Қазақстандық мектептер де онлайн мектептерді енгізуі керек. Мәскеудегі ұстаздар қазақстандық балалар көп оқитынын айтады. Бұл жылына қаншама инвестиция Ресейге кетіп жатыр деген сөз. Қазіргі пандемия кезі, бұл үшін тамаша мүмкіндік деп ойлаймын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы