Бас жаңалықтар
Таласбектің жары Зира Наурызбаева Таласбек Әсемқұлов атындағы байқау жариялады
09 Желтоқсан 2019, 19:49 1605

Таласбектің жары Зира Наурызбаева Таласбек Әсемқұлов атындағы байқау жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқауға Таласбек Әсемқұлов туралы мақалалар қабылданады. Бұл туралы жазушының жары Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Келе жатқан 2020 жылда өз атымнан екі бәйге тіктім. Бірінші бәйге – Таласбектану: Таласбек туралы ең мықты зерттеу мақала (түсінетін шығарсыз, құр мадақ керек емес), екінші бәйге – "Otuken.kz сайттың бәйгесі": жалпы қазақтың гуманитар, әлеумет ғылымдарына, руханиятына үлес қосатын ең мықты мақала. Тақырыпқа шектеу жоқ, бір ғана талап − интеллектуалдық деңгей, - дейді Зира Наурызбаева.

Ол жүлде қоры жайлы, әр жеңімпазға 100 мың теңге берілетінін айтты. 

Әрине, бұндай ақшаға бола адам жазбайды, бірақ көкейдегі ойды қағазға тастайтындай түрткі болар деп үміттенемін. Кім біледі, менен басқа адамдар да осы бастамама қосылар?! - дейді ол.

Таласбек туралы мақалалар я сілтемелерді Фейсбуктағы "Таласбек Әсемқұлов - Таласбек Асемкулов" тобына салуға болады.  

Ал Otuken.kz сайтының бәйгесіне ұсынылған мақалаларды Фейсбуктағы @Otuken.kz қауымдастығына салуға болады. 

Осында ел болып талқылаймыз. Ең мықты мақалаларды, автор қаласа, Otuken.kz сайтыма жариялаймын. Мақалалар 2020 жылдың 1 тамызына дейін ұсынылуы керек. Бәйге нәтижесі 2020 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланады. Жүлдеге лайық мақала болмаса, бұрын шыққан мәтіндерге беріледі. Әзірге Таласбектануда екі үміткер – Assiya Baqdaulet, "Тереңдік. Тәмсіл. Таласбек" және Ардаби Маулет  "Таласбектің қызыл домбырасы". Ориентир осы!, - дейді ұйымдастырушы.

Деңгейі төмен мақала ұсынған автор келесі бәйгеге қатыса алмайды.

Ізденетін жастарға бір бағыт – Таласбектің 1973-95 жылдары жазылған, мен білмейтін мақала, әңгімелері кітапханадан табылып қалу мүмкін. Телерадио, жеке архивтерде сол кезеңде жазылған хабарлар болуы мүмкін. Ондайды тапқан адамға сөзсіз бәйге беремін, - дейді жазушының жары.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...