Талапкерлер онлайн сервис арқылы оқу орнын таңдай алады

28 Наурыз 2019, 11:18
2152
Бөлісу:
Талапкерлер онлайн сервис арқылы оқу орнын таңдай алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 6 түрлі критерий бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің тәуелсіз рейтингін көру үшін онлайн сервис іске қосылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоғары сынып оқушылары, ата-аналар, студенттер оқу орындарының еңбек нарығында түлектердің қажеттілігі, жұмысқа орналасу және жалақы деңгейі тұрғысынан табыстылығы туралы ақпаратқа тегін қол жеткізе алады. 

Электрондық еңбек биржасының сайтында әрбір пайдаланушы Қазақстан бойынша, белгілі бір аймақ бойынша, жеке мамандық немесе нақты бағыт бойынша жоғары оқу орнын немесе колледжді таңдау мүмкіндігіне ие болады. 

Рейтинг 2018 жылдың желтоқсанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мамандарымен жасалды. Үздік және нашар оқу орындарын таңдау сауалнамалар негізінде емес, түлектердің жұмысқа орналасуының нақты нәтижелері, олардың жалақы деңгейі, жұмыстың тұрақтылығы бойынша жасалды. Бұл рейтингті объективті және тәуелсіз етеді. Салыстырған кезде 2015-2017 жылдары бітірген 101 жоғары оқу орындарының 200 мың түлектері мен еліміздің 766 колледжін бітірген 300 мыңнан астам түлектерінің мәліметтері қолданылды. 

Үздік оқу орнын таңдау бойынша арнайы қызмет enbek.kz сайтында орналасқан сүзгілердің жиынтығы. Қолданыста өте ыңғайлы, бірнеше рет «басу» жеткілікті. Нәтижелер тегін жүктеу мүмкіндігімен кесте түрінде ұсынылады. 

«Бұл шын мәнінде бір рейтинг емес, он төрт. Кез-келген адам жұмыс берушілер қандай мамандықтарға көбірек сұранысқа ие екенін, қандай аймақтардың жоғары оқу орындары жақсы немесе нашар екенін көре алады. Сайт архитектурасы әртүрлі салыстыру жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, талапкер "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша жоғары білім алғысы келеді. Рейтинг арқылы ол Қазақстанның қай жоғары оқу орнында түлектердің жұмысқа орналасуының ең жоғары пайызын, қай өңірде осындай мамандар ең жоғары жалақы алатынын көре алады», - деп түсіндірді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ вице-президенті Тахир Аслялиев. 

Рейтинг талапкерлер үшін де, басқа жоғары оқу орындарына ауысқысы келетін студенттер үшін де пайдалы болады. Сондай-ақ, ол жұмыс берушілерге лайықты түлектерді жұмысқа қабылдау үшін және білім беру және еңбек нарығы саласындағы зерттеулер үшін талдаушыларға пайдалы.

Өзгелердің жаңалығы