Талғарда тал түсте дүкен тонап кетті

14 Тамыз 2020, 16:41
1406
Бөлісу:
Талғарда тал түсте дүкен тонап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 12 тамыз күні аудан орталығы Талғар қаласында болған. Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар алдын ала сөз байланысу арқылы үйлеріне жақын маңдағы дүкеннен азық-түлік алып, дүкен сатушыларын қорқыту арқылы ақшасын төлеместен оқиға орнынан із суытқан. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлерге қоңырау шалғандықтан, тәртіп сақшылары шұғыл жетіп, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды жылдам анықтады.

Азаматтық некеде тұрып жатқан екі азаматтың өзара келісуімен қылмыс болғаны анықталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 32 жастағы күдікті аудандық Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Қасым.
Тергеу барысында күдікті азаматтың бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол дүкен сатушыларына бұрын сотты болғанын және ештеңеден тайынбайтынын айтып қорқытқаны белгілі болды.


Өзгелердің жаңалығы