Таиландта үйлерді топан су басты

4 Тамыз 2020, 05:45
1587
Бөлісу:
Таиландта үйлерді топан су басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландта "Синлаку" дауылы ойран салып, бір жарым мыңға жуық үйді су басты, деп хабарлайды 24.kz.

Табиғат апатынан 20-ға жуық провинцияның тұрғындары зардап шеккен. Чиангмай қаласында жолдарды су шайып, көпір бұзылды. Ал Пхукет аралында тұрғындардың жағажайға баруына, ал кемелердің теңізге шығуына тыйым салынды. Паттайя қаласы маңында мыңдаған мидия жағаға шығып қалған. Жұрт оны жапа-тармағай жинап жатыр.

Мамандар болса судың әлі де көтерілу қаупі барын айтады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін "Синлаку" тропикалық дауылы Қытай мен Вьетнамда ойран салған еді.

Су деңгейі қас қағым сәтте көтеріліп кетті. Сондықтан заттарымызды үйден алып шығуға үлгермедік. Қазір үйдің ішін тазалап жатырмыз, - дейді Лэй провинциясының тұрғыны Ратртия Панич.

Өзгелердің жаңалығы