Екпеге қатысты жалған ақпарат. Ата-анасынан балаларды тартып алады

29 Қазан 2021, 10:40
159247
Бөлісу:
Екпеге қатысты жалған ақпарат. Ата-анасынан балаларды тартып алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар мессенджерлерде биыл 1 қарашадан бастап вакциналау мәртебесі негізінде балаларды отбасылардан тартып алуға мүмкіндік беретін заң күшіне енетіні туралы хабарлама тарады. Бұл жалған ақпарат екенін хабарлайды stopfake.kz сайты.

Білім және ғылым министрлігі бұл таратылымды жоққа шығарды.

Екпеге қатысты жалған ақпарат. Ата-анасынан балаларды тартып алады

Ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай заң жобасы жоқ. Мектептерде балаларды мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізілмейді. Мектеп балаларға білім береді, әлеуметтенуге көмектеседі. Ата-аналардың келісімінсіз вакцинациялау туралы мәселе көтеріліп отырған жоқ. Қазақстандықтардан әлеуметтік желілерде резонанс тудыру үшін жеке азаматтар тарататын жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз, – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.


Өзгелердің жаңалығы