Тағы 7 автожол ақылы болады
01 Қараша 2021, 22:00 133

Тағы 7 автожол ақылы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлттық операторының жетік талдауының негізінде ақылы автомобиль жолдарының 7 жаңа учаскесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданды.

Ақылы автомобиль жолдары: Нұр-Сұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке), Щучинск-Көкшетау, Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда. Аталған учаскелер ақы алу жүйесінің барлық қажетті жабдықтарымен жабдықталған. 7 жаңа ақылы учаскені пайдалануға енгізу туралы бұйрық жобаларына қол қойылды және Әділет министрлігінде тіркелуде. Бірінші техникалық санаттағы учаскелердегі ақылы жүйені  2021 жылғы 15 қарашадан бастап енгізу жоспарланып отыр. Бұл ретте аталмыш учаскелер осы жылдың 1 қазанынан бастап тестілік пайдалануға берілген болатын, – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақы алудың «ашық» жүйесін енгізу туралы шешім қабылдады. Осындай жолдармен жүруге ақы төлеу үшін автокөліктің мемлекеттік нөміріне шотты толтырудың 20-дан астам нұсқасы қарастырылған: QAJ mobile (мобильді қосымша), Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank және т.б.

Айта кетейік, 2013 жылдан бастап I санаттағы ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы өзгерген жоқ (Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаскесі енгізілген сәттен бастап) және ол өзгеріссіз сол күйінде қалады.  



Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/294916-elimizde-dgeti-avtodgolgha-aqyly-dguye-engiziledi
© egemen.kz


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...