Бас жаңалықтар
Таеквондодан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі кейінге шегерілді
25 Ақпан 2021, 03:25 203

Таеквондодан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондодан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі кейінге шегерілді. Бұл туралы Азия таеквондо одағы мәлімдеді. 

Иордания астанасы Амман қаласында жоспарланған Олимпиадаға іріктеу кезеңі 2021 жылдың 21-22 мамыр күндеріне ауыстырылды. Ал паралимпиадаға іріктеу турнирі 23 мамырда өтеді.

Айта кетерлігі, бұған дейін Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі 14-15 мамырда, паралимпиадаға іріктеу кезеңі 16 мамырда өтуі тиіс еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...