Бас жаңалықтар
Табиғи газ өндірісінің неліктен төмендеп кеткені анықталды
07 Мамыр 2021, 19:26 323

Табиғи газ өндірісінің неліктен төмендеп кеткені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Табиғи газ өндірісі жылына 9%-ға қысқарды. Ал қысқы айлардың қорытындысы бойынша экспорт 35%-ға құлдырады. 

2021 жылғы қаңтар-наурыз айларында елде 14 млрд текші метр табиғи газ өндірілген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,5%-ға аз. Сонымен қатар газға айналған күйіндегі заттектің 6 млрд текше метрі шығарылса, ал ілеспе мұнай газының 8 млрд текше метрі өндірілді.

Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде өндірілген табиғи газ көлемі бір жылда 4,3%-ға ұлғайып, 15,3 млрд текше метрді құраған болатын.

Өңірлер бойынша саралайтын болсақ, газ өндірісінің басым бөлігі екі өңірге тиесілі болды - Атырау облысы (6 млрд текше метр) және БҚО (5,5 млрд текше метр).

Бұл өңірлерде «ТеңізШевроил» ЖШС, «ЭмбаМұнайГаз» АҚ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» және тағы басқалары. Қазақстанда газ өндірісінің ұлттық операторы - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы саналады. Ал газ тасымалдау және газбен қамту саласына жауапты оператор - аталған компанияның еншілес кәсіпорны «ҚазТрансГаз» АҚ.

Ақшалай мәнде газ өндірісінің көлемі 60,9 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 32%-ға аз.

Биылғы екі айда Қазақстан 243,4 млн АҚШ долларын құрайтын 2,3 млрд текше метр табиғи газды экспортқа жөнелтті. Ақшалай мәнде қысқару 34,9%-ды, ал натуралды мәнде 32,2%-ды құрады.

ТМД елдеріне 922,3 млн текше метр газ жіберілді. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 28,7%-ға аз. ТМД елдері арасында қазақстандық газдың басты импорттаушысы - Ресей. Көршілес мемлекетке 24,9 млн АҚШ долларын құрайтын 838,3 млн куб текше метр газ тасымалданды.

ТМД елдері шегінен тыс жерлерге 1,4 млрд млрд текше метр газ жіберілді. Бұл 2020 жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 34,4%-ға аз. Бұл ретте Қытай басты импорттаушы болып отыр. Күн шығыс еліне 201,2 млн АҚШ долларын құрайтын 1,2 млн  текше метр газ жөнелтілді.

Қазақстанның ішкі нарығына келер болсақ. Премьер-министрдің ресми ресурсындағы ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы ауылды елді мекендерді газдандыру 53,07%-ға жетті. Елдегі 6162 елді мекеннің 1468-і газбен қамтылды (24%). Оның ішінде 1428 ауылды елді мекен бар.

Қазақстандағы 18,53 млн адамның 9,84 млн-ы, соның ішінде ауылды жерде тұратын 4 млн тұрғын газға қол жеткізді. 

Энергетика министрлігінің «Жол картасына» сәйкес 2025 жылға дейін еліміздің 11,05 млн тұрғыны, соның ішінде ауылда тұратын 4,9 млн адам табиғи газбен қамтылуы тиіс (1718 елді мекен, сонымен қатар 1674 ауыл)

Биылғы наурыз айының қорытындысы бойынша газ тарифтері бір жылда 0,6%-ға өскен. Ал сұйылтылған газ (баллондағы) бағасы бір жылда 1,7%-ға ұлғайған.

Өңірлер бойынша қарастыратын болсақ. Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындары газ бағасының едәуір өскенін байқаған. Ал еліміздің 7 өңірінде газ бағасы өзгеріссіз қалған. Ал екі өңірде тіптен баға төмендеп кеткен екен (Павлодар және Жамбыл облыстары)


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...