Түзеу мекемесіне телефон лақтырмақ болған тараздық тұтқындалды

30 Шілде 2020, 20:37
1770
Бөлісу:
Түзеу мекемесіне телефон лақтырмақ болған тараздық тұтқындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы түзеу мекемесіне телефон лақтырмақ болған тараздық ұсталды.

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 түзеу мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті уақытпен күндізгі сағат 18:00 шамасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесі қызметкерлерінің жедел ақпараты негізінде, түзеу мекемесінің сыртқы жағынан қоршау арқылы белгісіз зат лақтыруға әрекеттенген күдікті азамат анықталып, құрықталды. Ұсталған азаматты тексеру барысында оның қолынан скотчпен оралған орама табылды. Орамадан "ОРРО" маркалы ұялы телефон, «Аctiv» ұялы байланысының 2 сим картасы және телефон қуаттағыш табылып, тәркіленді. Күдіктінің жеке тұлғасын анықтау барысында, оның 1994 жылы туылған Р.М. есімді қала тұрғыны екені анықталды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қызметкерлердің қызметіне кедергі келтіретін азаматтық тұлғаларды анықтау және оларды ұстау кезінде жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Өзгелердің жаңалығы