Түзеу мекемесі: Психологиялық тәрбие алдыңғы орында

1 Наурыз 2019, 22:54
2417
Бөлісу:
Түзеу мекемесі: Психологиялық тәрбие алдыңғы орында

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД РММ «АК-159/6 мекемесінде» сотталғандармен бір аптаның ішінде көңіл көтеру, психоэмоционалдық жағдайын жақсарту мақсатында психология апталығы өткізілді.

Ондағы мақсат – сотталғандарға адамгершiлiк, әлеуметтiк-құқықтық, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру, психологиялық тәрбие беріп, оларды түзеу мақсатына қол жеткізуге ықпал ету.

«Осы шаралардың ішінде психологиялық тәрбие қазіргі кезде алдыңғы орында. Себебі сотталғанның жаңа өмірге жаңа көзқараспен, психологиялық сау адам ретінде қоғамның бір мүшесі ретінде сіңіп кетуі психологтің тікелей жұмысының жемісі деп қарауға болады», - дейді психолог мамандар.

Бір апта аралығында мекемеде жасақтар бойынша сотталғандарға «Өз өмірін жақсарту», «Жанжал, және олардың шешілуі» атты лекциялар оқылып, түрлі бейне-баяндар көрсетіліп, көрген бейне баян жайлы талқылау жүргізілді. Өзін-өзі бағалауға, жағымсыз психикалық жағдайлардан арылуға арналған «Крокодил», «Где логика?», «Фотография» секілді ойындармен қатар, психоэмоционалдық жағдайларын, жасақтағы өзара қарым-қатынастарын білуге арналған тест өткізілді.

«Іс-шараның негізгі бөлімі ретінде «дискуссия-пікірталас» тренингтік әдісі таңдап алынды. Пікірталасқа барлық жасақтардан қатысуға тілек білдірген сотталғандар шақырылды. Пікірталас барысында сотталғандар өткізілген лекциялардың тақырыптары туралы ойларын, көзқарастарын ортаға салып сөз таласқа түсті», дейді РММ «АК 159/6 мекемесі» Психологиялық қамтамасыз ету тобының маманы.

Өзгелердің жаңалығы