Түзету

2 Мамыр 2019, 13:38
3162
Бөлісу:
Түзету

2019 жылдың 4 наурызы күні сайтымызда «Өскемендік тасымалдаушылар электронды билетті қолдамады» тақырыбымен Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктердің электронды билеттеуге көшірілу мәселесі туралы материал жариялаған едік.

Аталмыш материалдың 4-азат жолындағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиевтың аудиотаспадағы сөзін орыс тілінен қазақ тіліне аудару кезінде тілші «айшық емес» сөзіне синоним ретінде «көлеңкелетіп жіберген» сөзін қолданған. Бұл бір сөйлем ішінде біртекті екі сөздің ұшыраспауы мақсатында қолданылған әдіс. Осы жерде сөз тіркестерінің мағыналық түсініспеушілігі орын алған. Дегенмен, оны бірқатар оқырмандарымыз бен осы салаға құзырлы ұйымдар өкілдері басқаша ұққан екен. Мақаладағы «көлеңкелетіп жіберген» сөздерінің барлығын «айшық емес» сөзі ретінде оқуларыңызды сұраймыз.

Осыған орай, Қайрат Сапарғалиевтың сөзін былай оқуларыңызды сұраймыз: «Кәсіпкерлеріміздің қашан да тапқан табыстарын жарыққа шығара бермейтіні белгілі. Мұны өз тәжірибемнен айта аламын. Осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшік автобус иелері жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп салық төлеудің айшық болмай кеткені естеріңізде болар? Ал электронды билеттеу олардың шығыстарын, табыстарын айшықтап тұрмақ. Яғни, тұрғындар олардың қызметі жайлы көбірек білетін болады. Біз қазір кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Меніңше жақында екі арадағы келіспеушілік бір жөнге келіп, жобаны іске асыруды бастаймыз деген үміттемін».

Орын алған келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы