Бас жаңалықтар
Түймебаев енді ҚХА төрағасының орынбасары қызметін атқарады
28 Ақпан 2019, 17:59 504

Түймебаев енді ҚХА төрағасының орынбасары қызметін атқарады

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президентінің Өкімімен Түркістан облысының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 1958 жылы 8 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор.  

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, филология факультеті, Алматы қ. (1980);

Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті,  құқық факультеті, Мәскеу қ.  (2000);

Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:

Филология ғылымдарының кандидаты, ҚазССР Ғылым академисының тіл білімі институты, (1987);

Филология ғылымдарының докторы (2008) ;

Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор

Түркия Республикасы Ниде университетінің құрметті докторы (2014); 

Кәсіби тәжірибесі:

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент (1980-1993);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994);

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997);

Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999);

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас Консулы (Ыстамбул қ-сы) (1999);

Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004);

Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы (31.03.2004-01.02.2006);

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007);

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010);

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010 бастап);

Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011 бастап).

Басқа қызметтері:

ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қоры басқармасының Төрағасы (2007-2010);

«ҰҒТХ Парасат» АҚ директорлар кеңесінің Төрағасы (2008 -2010);

Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары (2007-2010);

Түркістан облысының әкімі.

2019 жылдың ақпанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды.

Марапаттары:

Құрмет ордені (2003);

Парасат ордені (2011);

«Астанаға 10 жыл» медалі (2008);

Қазақстан тәуілсіздігінің 20 жылдығына орай медалі (2011);

«Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың нығаюына ат салысқаны үшін» Түркия кәсіпкерлер мен іскерлер Ассоцациясының медалі (2011);

«Халықаралық қатынастарда ерекше жетістіктері үшін» Түркия халықаралық туризімінің дамуының тұғырнамасы (TÜTAP) сыйлығы (2011);

Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай медалі (2015).
Загрузка...