Тәулігіне миллион маска мен 85 мың литр дезинфекциялық құрал өндіріледі – ИИДМ

2 Сәуір 2020, 19:10
1155
Бөлісу:
Тәулігіне миллион маска мен 85 мың литр дезинфекциялық құрал өндіріледі – ИИДМ

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек  Өскенбаев айтты.

Біздің министрлікке қарайтын тағы бір үлкен бағыт – өнімді даму. Қазіргі таңда ең маңыздысы – медициналық маска және дезинфекция құралдары өндірісі болып отыр. Бүгінгі күні бір миллионнан астам маска өндірдік. Оның 325 мыңын – фармацевтикалық кәсіпорындар өндірсе, 680 мыңнан астамын – тігін кәсіпорындары тіккен. Қазақстан бойынша күн сайын бір миллионнан астам маска тігіледі. 325 мың маска "СК-фармация" арқылы таратылады, ал тігін кәсіпорындарының маскаларын жергілікті әкімшіліктер таратады.  Бүгінде күн сайын 85 мың литрдан астам дезинфекциялық құрал өндіріледі. Қазіргі таңда қоймаларда 158 мыңнан астам литр сақтауды, - деді ол.

Брифинг барысында өкпені жасанды желдету аппаратын өндіруге қатысты да сөз болды.
Көкшетау қаласында біздің министрлікке тікелей қарайтын "Тыныс» атты акционерлік қоғам жұмыс істейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі бойынша олар 700-дей аппарат өндіруге дайын, қазір жұмыс басталып та кетті. Мұндай құрылғы қаншалықты керек болса, сонша жасауға дайынбыз, - деді министр.

Халықты жұмыспен қамту мәселесіне тоқталған министрлік өкілі Қайырбек Айтпайұлы  министрлікке қатысты бағытта 700 мыңдай  адам қызмет ететінін жеткізді.
"Арселор Миттал", "Қазцинк", "Қазақмыс" корпорациясы сынды ірі кәсіпорындармен үкіметтің тапсырмасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Біз олармен келісімшартқа отырдық. Жұмыскерлерді қысқартуға тыйым салынған. Жарты жұмыс күніне жіберуі мүмкін, бірақ ешкімді қысқартпайды. Жол саласында жүк тасымалымен айналысатын бағыттарда 200 мыңдай адам жұмыс істейді. Біз нақты тапсырма бердік, жүк 100 пайыз қазақстандық өнім болуы керек және ешкім жұмыстан қысқартылмауы шарт. Жол-көлік бағытындағы ірі компаниялармен де келістік, теміржолда 125 мың қызметкер, әуе көлік компанияларында 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді және олардың ешқайсысы қысқартылмайды, - деді.
Өзгелердің жаңалығы