Тәуелсіздік жылдары 154 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

22 Мамыр 2020, 15:42
1175
Бөлісу:
Тәуелсіздік жылдары 154 млн шаршы метр тұрғын үй  салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел тәуелсіздігін алғаннан бастап (1991-2019 жылдар) барлығы 154,4 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. 1,4 млн. астам азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсартылды.

Тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді пайдалануға беру тарихы туралы толығырақ айта кетсек. 2004 жылдан бастап орта класс пен халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктері үшін тұрғын үй салуды ынталандыру жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының бірінші бағдарламасы әзірленді. Яғни, бұл коммуналдық тұрғын үй және қолжетімді тұрғын үй құрылысы балалары бар жас отбасылар, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік кәсіпорындар, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналды. 2005-2007 жылдары қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 1113 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Жоспар бойынша 15,8 млн. шаршы метр салынуы керек болса, іс жүзінде 17,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін тұрғын үй құрылысы саясаты 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының бағдарламасы шеңберінде жалғастырылды. Онда басым санатқа жатқызылған аз қамтылған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ алдын ала қарызды пайдалана отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы азаматтардың басым санаттарын кредиттеу жөніндегі шаралар жалғастырылды. Аталған кезең қорытындысы бойынша 19,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысының көлемін сақтау, жеке инвестицияларды тартуды ынталандыру, тұрғын үй құрылыс жүйесінің әлеуетін неғұрлым кеңінен пайдалану үшін, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу үшін 2011 жылғы 31 наурызда Тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Мұнда Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сата отырып, жергілікті атқарушы органдардың несиелік тұрғын үй құрылысының жаңа схемасы, ЖТҚ дамыту, екінші деңгейдегі банктерді қорландыру арқылы коммерциялық тұрғын үйді қолдау, "ҚТҚЖБ" АҚ салу және тұрғын үйге қолжетімділікті арттырудың басқа да бағыттары қарастырылған. Осылайша, тек 2011 жылы 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды.

2012 жылы 7 міндетті шешуге бағытталған "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" ұзақ мерзімді бағдарламалық құжаты әзірленіп, толыққанды теңгерімді тұрғын үй нарығын құру; жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік жекеменшік әріптестікті ынталандыру; тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды ИКК дамыту; ЖТҚ дамыту; апаттық тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу; азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінің, оның ішінде ТҚК, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын қолдауы; құрылыс индустриясын дамыту көзделді. Мәселен, 2012-2014 жылдары жоспарда 19,5 млн. шаршы метр болса, іс жүзінде 21 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Содан кейін, президенттің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан –2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауы шеңберінде елдің ұтымды аумақтық ұйымын қалыптастыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасауға, экономикалық өсу орталықтарында халық пен капиталды шоғырландыруды ынталандыруға бағытталған "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" бекітілді. 2013-2015 жылдары инвестиция көлемі 497,8 млрд. теңгеден 740 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл тұрғын үй қорын 340,6 млн. шаршы метрге дейін ұлғайта отырып, 24 млн шаршы метр жаңа тұрғын үйді (200 мың шаршы метрден астам) іске қосуды қамтамасыз етті.

Дағдарысқа қарсы міндеттерді іске асыру мақсатында 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Онда Ұлттық қор қаражатынан тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндеттер шеңберінде тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру көзделген. 2015-2016 жылдары 19,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, тұрғын үй құрылысы саласындағы барлық ресурстарды бір бағдарлама шеңберінде шоғырландыру мақсатында 2017-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жер" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды.

2017-2018 жылдары 36,8 млн.шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Шамамен 333 мың азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсартылды.

Өзгелердің жаңалығы