Тәуелсіз бақылаушы: Дауыс бергендердің көбі орта және егде жастағылар

9 Маусым 2019, 14:54
1606
Бөлісу:
Тәуелсіз бақылаушы: Дауыс бергендердің көбі орта және егде жастағылар
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте қала әкімі Ғабидулла Әбірахымов барып дауыс берген №92 сайлау учаскесінде 2504 сайлаушы тіркелген. Күндізгі сағат 13:40-тар шамасында осы сайлау учаскесіне таңғы сағат 7:00-ден бері 360 шақты сайлаушы келіп, дауыс берді. Бұл туралы аталған сайлау учаскесіндегі «Amanat» азаматтық платформасының тәуелсіз бақылаушысы Данияр Тайыр хабарлады.

«№92 сайлау учаскесіне тәуелсіз бақылаушы ретінде келдім. Мұнда барлығы 2504 сайлаушы тіркелген. Әзірге 360 сайлаушы келіп, дауыс берді. Бұл сайлаушылардың 14% құрайды. Сайлаушылардың көбі орта және орта жастан асқан азаматтар. Жастар бар. Бірақ, көп емес. Осы округте тіркелмеген, тіркеуде жоқ азаматтардың әкімдіктен қосымша анықтама сұрату арқылы сайлауға қатысуына рұқсат беріп жатыр», - дейді Данияр Тайыр.

№92 сайлау учаскесінің орталығы Шымкент қаласының Қ.Рысқұлбеков көшесі №12 үй мекенжайындағы А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясында орналасқан. Аталған учаскенің аумағына А.Әлімбетов көшесі №№ 45б, 45в, А.Байтұрсынов көшесі №№ 17а, 19, 22, 24, 27, 30, 31, 32, 34, 35, 36, 38, 39, 42, 43, 44, 46, 48, 51, 52, 55, 56, 57, 58, 58в, 60, 68а, Желтоқсан көшесі №№ 8, 9, 13, 15, 26, 32, 38, 40, 42 және нөмірсіз үйлер, Мәделі қожа көшесі № 48а, Ғ.Іляев көшесі №№ 29, 31, 33, 35, 35а, 37, 45, 45а, Ә.Жылқышиев көшесі №№ 19, 21 және нөмірсіз үйлер, Д.Қонаев даңғылы № 13, 31, 36а, 36б, 36в, 38, 38б, 63 және 6 нөмірсіз үйлер, Құрманғазы көшесі №№ 58, 74, 74а, 76, 76а, Н.Төреқұлов көшесі №№ 4, 13а, Ж.Шәймерденов көшесі №№ 17, 27, 29, 31, 31а, 33, 35, 37 мекенжайындағы үйлер кіреді.

Айта кетсек, Шымкентте 9 маусым – ҚР президентінің кезектен тыс сайлауында Шымкентте 260 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Олардың 19-ы жабық сайлау учаскесі саналса, қалған 25 сайлау учаскесі жаңадан ашылған. Осы 260 сайлау учаскесіне 568 794 сайлаушы тіркелген. Сол 260 сайлау учаскесінің 113-інде тіркелген сайлаушылар саны 2500-3000 адам арасында болып отыр.


Өзгелердің жаңалығы