Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы – халықтың ауызбіршілігі - ҚХА

24 Маусым 2019, 23:07
3670
Бөлісу:
Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы – халықтың ауызбіршілігі - ҚХА
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Маңызды нәрсе қоғамымыздың күтпеген жағдайда бір екенін көрсету дейді ҚХА мүшесі Әскер Периев "Арыс біз біргеміз" телемарафонында.

"Ассамблея мүшелері эвакуация жағдайын жариялаған кезде өздерінің көліктерін бағыттады. Түркістан,Жамбыл, Қызылорда облысының мүшелері бірнеше мың тонна су таратты. Сосын балалар тағамдары мен гигиеналық заттар, қолданысқа дайын азық-түлік таратылды. Маңызды нәрсе қоғамымыздың күтпеген жағдайда бір екенін көрсету. Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы халықтың ауызбіршілігі. Соны түсінетін, білетін, саралай білетін жастардың болуы үлкен жетістік. Бір Арыспен біргеміз. Бізде басқа Арыс жоқ", - деді ҚХА мүшесі Әскер Периев.

Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы оқиғадан шет қалмай, қол ұшын созды. Шымкент қаласында, барлық қалаларда осы жұмыстарды үйлестіру бойынша штаб құрылды. Қабылдау пунктері ашылды, Шымкентте Қонаев 83, Түркістанда Қожанов 42 мекен-жайы бойынша дәрі-дәрмек, киім-кешек қабылдау орындары ашылды. Барлық өңір белсенді. Кәсіпкерлер тарапынан бірнеше миллиондаған теңге көмек жөнелтілді. Кәсіпкерлер сондай-ақ, жолда қалып қойған вокзалдағы адамдарға тегін ас таратады.         

Ауыл партиясының атынан 20 тонна ұн, 10 тонна макарон жіберілді. Ақ Ақмола облысы әкімдігі 100 баланы қабылдауға дайын. Балаларды Щучинскідегі Бурабай курорты қабылдайды. Павлодар облысы әкімдігі арыстық 200 баланы өздерінің сауықтыру санаториіне қабылдауға дайын. 

Студенттік құрылыс жасақтары да Арыс қаласына көмектседі.                                                                                                  

Өзгелердің жаңалығы