Бас жаңалықтар
Тұтынушыларға жылу үшін шамамен 4 млн теңге қайтарылады
08 Шілде 2020, 18:51 198

Тұтынушыларға жылу үшін шамамен 4 млн теңге қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019-2020 жылдардағы жылыту кезеңі бойынша сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тұтынушыларға жылу үшін шамамен 4 млн теңге қайтарылатынын мәлімдеді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 10-бөліміне сәйкес, 2019-2020 жылдардағы жылыту кезеңі бойынша сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша "Қазсушар" ШЖҚ РМК-нің "Қаныш Сәтпаев атындағы каналы" филиалы тұтынушыларға қайтаратын сома 3 717 680 теңгені (ҚҚС-пен) құрайды, - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

- Павлодар облысы Шідерті елді мекені бойынша - 2 589 110 теңге ҚҚС-пен;

- Қарағанды облысы Молодежный елді мекені бойынша - 1 128 570 теңге ҚҚС-пен;

"Сапро-НАТ" ЖШС-нің тұтынушыларға қайтаратын сома 100 780 теңгені (ҚҚС-пен) құрайды.

Оның ішінде:

- Солтүстік Қазақстан облысы Смирново елді мекені бойынша – 17 720 теңге ҚҚС-пен;

- Павлодар облысы Ақтоғай елді мекені бойынша – 83 060 теңге ҚҚС-пен.

Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару субъектілер 2020-2021 жылдардағы жылыту кезеңінде жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен жүргізетін болады, - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.


Фото: дереккөз
Загрузка...