Бас жаңалықтар
Тұтынушы құқығын қорғау ұйымдары салғырттық танытып отыр
22 Қыркүйек 2020, 09:55 137

Тұтынушы құқығын қорғау ұйымдары салғырттық танытып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұтынушылар құқығын қорғау жүйесінің бірде-бір қатысушысы тұтынушының мүддесіне толық көңіл аудармайды. 

Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында сауда және интергация министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Оның айтуынша, елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесіне 19 орталық және 17 жергілікті атқарушы органдар кіреді. Тізілімге сәйкес, жеке тұлғаларға мемлекеттік органдар білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс және т.б. салалардағы квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бірге барлығы 574 қызметті көрсетеді.

Алайда олардың барлығы тұтынушының мүддесін қорғауға келгенде салғырттық танытып отыр. Тұтынушылар құқығын қорғау деңгейінің төмендігі, бұрмаланған статистика және «қайталанатын қателермен жұмыс істеуге» деген қызығушылықтың жоқтығы байқалады, - деді ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстандық тұтынушылардың көрсетілетін қызмет пен тауарларға қанағаттанбау деңгейінің жоғары екенін атап өтті. 

Министрдің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы тұрғындар тарапынын тұтынушылар құқығын қорғау органдарына 63 мыңнан астам, 2018 жылы 21 мыңнан астам, ал өткен жылы 30 мыңға жуық шағым келіп түскен. Ал биыл 8 мыңға жуық азаматтың арызы қаралды. Тұтынушыларды мазалайтын сұрақтар жалпы жылдан-жылға қайталанып отырады, әсіресе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бөлшек сауда, медициналық қызмет және көлік салаларында.


Фото: дереккөз
Загрузка...