Төтенше жағдайлар комитеті автокөлікпен алыс жолға шықпауға кеңес берді

18 Ақпан 2019, 17:51
1999
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар комитеті автокөлікпен алыс жолға шықпауға кеңес берді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер қазақстандықтарға алдағы екі күнде ауа райына байланысты автокөлікпен жолға шықпауға, сапарларын кейінге қалдыруға кеңес берді.

«18, 19, 20 ақпан күндеріне дауылды алдын ала ескерту келді. Далада ауа райы қалай екенін көріп отырсыздар. Кеше Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жолдар бөгелді. Бүгінде кептелістер ашылып, көліктер қардан шығарылды. Дәл қазіргі уақытта Қарағанды бағытындағы жолдар жабылды. Кеш түскен кезде бірнеше елді мекенге жол жабылатын болады», - деді Владимир Беккер.

Оның айтуынша, Қазақстанда қолайсыз ауа райы 20 ақпанға дейін созылады.

«Әрине, сапарды кейінге қалдыруға кеңес беремін. Тәуекелге барудың қажеті не? Бұрқасын, көктайғақ, осындай қиын жолда бір жерге бару не үшін керек? Осылай мүмкін болса сапарды кейінг қалдырып, жолдың ашылғанын күткен дұрыс. Жолдар қоғамдық көліктер мен үлкен жүк көліктері үшін міндтті тәртіпте жабылатын болады. Жеке көліктер үшін шектеулер аз, бірақ мүмкіндік болса қайдай да бір елдімекенге темір жол көлігімен, автокөліктен пойызға отырып барған дұрыс», - деді ТЖК төрағасы.

Владимир Беккер Қазақстанның оңтсүтік аймақтарына да дауылды ескерту келгенін айтты.

«Түркістан облысында жауын-шашын күтілуде, тіпті қатты болуы мүмкін. Қар мүлдем жоқ облыстар бар, бірақ жаңбыр секілді аздаған жауын-шашындар болады», - деді ол.

Еске сала кетейік, Владимир Беккер тұрғын үй секторында жүргізіліп жатқан өрт-профилактикалық жұмыстары туралы баяндады. Оның айтуынша, 31 мың адам өрт қауіпсіздігін тексеретін мамандарды үйлеріне кіргізбеген.

Сондай-ақ, ол өңірлерде өрт датчиктерін орнату жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты. 

Назерке Абидулла

Өзгелердің жаңалығы