Төтенше жағдай: Салық төлеушілерге қашықтан қызмет көрсетеді

18 Наурыз 2020, 13:09
1466
Бөлісу:
Төтенше жағдай: Салық төлеушілерге қашықтан қызмет көрсетеді
Фото: автордан

Атырау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлердің салықтық есебі бір айға кейінге шегерілді.

Осылайша Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментіндегі терминалдар уақытша жабылды. Оған қоса кәсіпкерлерді тексерулер тоқтатылды. 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің де тапсыратын есептері кейінге қалдырылды. Қазір облыстық департамент қауіпсіздік шараларына көшкен, олар енді қашықтан қызмет көрсетеді.

Дегенмен жұмыс тоқтамайды екен.

Атырау облысы боынша 15 мыңға жуық жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 42 мыңнан астам жеке кәсіпкер бар. Жалпы айтқанда
аймақта 67 мыңға жуық салық төлейтін бизнес өкілдері жұмыс жасайды. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты біздегі жұмыс режимі өзгерді. Мұның барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылып жатыр. Қазір кәсіпкерлердің барлығы электронды қызмет ала алады. Департаментке, не басқарма, бөлімдерге тұрғындардың келуінің еш қажеті жоқ. Барлық есептерді кейінге шегеріп жатыр. Ал кез келген арыз-шағымдарға күні-түні мамандар қашықтан жауап береді. Атыраулықтардың барлық сұрақтарына 1414 call орталығы және 30 33 29, 31 84 27 телефон арқылы, сондай ақ, Dgd_atyrau Telegram, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері жедел жауап береді, - деді Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Нұрболат Сарманов.

Өзгелердің жаңалығы