Төтенше жағдай алынғаннан кейін еркінсіп кеттік – мемлекет басшысы

23 Маусым 2020, 12:09
1138
Бөлісу:
Төтенше жағдай алынғаннан кейін еркінсіп кеттік – мемлекет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында.

Қазіргі таңда тұтас әлем бойынша коронавирус инфекциясының таралуы қорқынышты сипатқа ие болып келеді. Бұл індет шабуылдаған жалғыз ел - біз емеспіз. Төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін біз еркінсіп кеттік, оны мойындау қажет. Кейбір азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер "қауіпті кезең артта қалды, өтіп кетті" деп ойлады. Тәуекелді дұрыс бағаламау орын алып, медициналық ережелер мен талатарды сақтауды қойдық. Кейбір азаматтар "коронавирус жоқ" деген өсек-аяңға сене бастады. Бірақ, COVID-19 әлі де болса үлкен қатер төндіріп тұр. Сондықтан Үкімет карантин шараларын қайта күшейтті, - деді президент.

Алайда, мемлекет басшысы күйзеліске бой алдырудың еш қажетті жоқ екенін, жарқын өмір сүруді жалғастыра беруіміз керегін баса айтты. 
Әлем елдерінде адамдар карантин кезінде отбасымен жақындаса түскендіктері, балаларына, оларды ойландырған мәселелер мен алаңдаушылықтарына көп көңіл бөле бастағаны туралы оқиғаларымен бөлісуде. Суретшілер, музыканттар, жазушылар, ақындар карантин уақытында шығармашылықпен толыққанды айналысқанын айтуда. Ең жаман жағдайда да тиімді дүние табуға болады. Әрбір дағдарыс жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз біргеміз. Біз бірге міндетті түрде бұл дағдарысты да еңсереміз. Бұл дағдарыстан мықты рухпен, дүниетаным мәселелеріне қатысты жаңа көзқараспен шығамыз. Ең бастысы, күрделі сынақты еңсеретінімізге, жеңетінімізге мықты сенім болуы керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Өзгелердің жаңалығы