Төртінші өндірістік эволюция өмірімізді қатты өзгертіп жатыр – Саясат Нұрбек

16 Қыркүйек 2020, 17:25
2255
Бөлісу:
Төртінші өндірістік эволюция өмірімізді қатты өзгертіп жатыр – Саясат Нұрбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Болашақтың құзыреттері. XXI ғасырдағы дағды мен іскерлік. Оны қалай дамыту керек?» атты онлайн-вебинар барысында «BTS Education» компаниясының бас директоры, «Қазақстанның жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» жобасының ұлттық үйлестірушісі Саясат Нұрбек айтты.

Біз қазір төртінші индустрия дәуіріне кіріп жатырмыз. Қазіргі технологиялық өзгерістер, әлеуметтік желі сияқты ауқымды өзгерістер бұрын болған жоқ. Осы ретте Билл Гейтстің сөзі бар: «Екі жылдың өзгерістерін әрдайым қадағалаймыз, ал, келер он жылдардың өзгерістерін жете бағаламаймыз», - деген. Яғни, он жылда түрленіп отырған технологиялық толқындар біздің өмірімізді түбегейлі өзгертеді. Осыдан 10 жыл бұрынғы Қазақстанды елестетіп көріңізші. Ол кезде «Яндекс Такси», «Kaspi Gold» «Glovo», «Bolt» тәрізді қызметтер әлі нарыққа шықпаған еді. Қазір еңбек нарығымыз, өмір сүру тәртібіміз, білім алу жүйесі түбегейлі өзгерді. Он жылдық өзгеріс көп дүниеге әсер етеді. Бұл өзгерістер қазір одан да шапшаң жүзеге асуда. Бірінші өндірістік эволюциядан кейін 150 жыл өткен соң екінші өндірістік эволюция, одан кейін тағы 100 жылдан кейін үшіншісі, қазір төтіншісіне аяқ бастық. Төртінші өндірістік эволюция әр 5-10 жыл сайын технологиялық, мәдени тұрғыдан өмірімізді қатты өзгертіп жатыр, - деді ол.
Саясат Нұрбек бұл өзгерістердің еңбек нарығы мен білім беру жүйесіне тікелей әсер етіп отырғанын жеткізді.
Қазіргі таңдағы ең мықты мамандықтар осыдан 5-7 жыл бұрын мүлдем болмаған. Digital-маркетинг, яғни SMM-маркетолог 5 жыл бұрын енді-енді нарыққа кірігіп жатты. Қазір бұларға сұраныс та жоғары, табысы да жақсы. Өкінішке қарай, білім беру жүйесі өте баяу бейімделеді. Қазір біз құбылмалы, қызық, кең ауқымды дәуірде жүрміз, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы