Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 Шілде 2019, 17:11
2689
Бөлісу:
Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 30-35°, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ал Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с болады деп күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Сонымен қатар, Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.   13-15 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 40-44 градус қатты ыстық сақталады.

Шымкент, Түркістан қалаларында 41-43⁰С дейін қатты ыстық болады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық                       36 градус күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы