Төрт мыңға жуық бизнес субъектісі банкроттық рәсімнен өтіп жатыр 

5 Желтоқсан 2019, 11:58
5015
Бөлісу:
Төрт мыңға жуық бизнес субъектісі банкроттық рәсімнен өтіп жатыр 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов банкроттық рәсім мен оңалту сатысынан өтіп жатқан бизнес субъектілері туралы айтты.

Бүгінгі таңда банкроттық рәсімінен төрт мыңға жуық бизнес субъектісі өтіп жатыр, 400 кәсіпорын оңалту сатысында. Іс жүзінде күрделі қаржылық жағдайдағы бизнес субъектілері айтарлықтай көп. Қолданыстағы заң кәсіпкерлерге сәтсіз бизнесті тез жабуға мүмкіндік бермейді. Әрбір төртінші жағдайда сот банкрот деп танудан бас тартады. Сотқа субъектінің қаржылық жағдайына объективті баға беру қиын. Сот болар-болмас активтің болуын қарыздар бойынша есеп айырысу мүмкіндігі ретінде бағалайды. Осындай жағдай оңалту аясында да байқалады, - деді ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Оның сөзінше, борышкердің төлем қабілеті бар немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін ресурстардың бар екенін дәлелдей алмады деген себеппен сот көп жағдайда оңалту рәсімін қолданудан бас тартады. Осыған байланысты бүгін Парламент Сенатында қаралған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану үшін жағдайларды жеңілдетуге, сондай-ақ рәсімдерді жүргізу мерзімдерін қысқартуға және әрекетсіз борышкерлерді жабуды жеңілдетуге бағытталған.
Өзгелердің жаңалығы