Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

25 Қаңтар 2020, 15:35
1478
Бөлісу:
Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК

26 - 27 қаңтарында Көкшетау қаласында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с, түнде – 23 м/с жетеді. 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар, кей жерлерде түнде қалың қар күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетуі ықтимал. Орал қаласында 26 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 

26 қаңтарда Қостанай облысында қар, бұрқасын, кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай қаласында 26 қантарда қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні -15-20 м/с.


Өзгелердің жаңалығы