Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Сәуір айында сенім телефонына 500-ден астам қоңырау түскен

30 Сәуір 2020, 18:10
2170
Бөлісу:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Сәуір айында сенім телефонына 500-ден астам қоңырау түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қалай тоқтатамыз?" атты онлайн брифинг барысында айтылды.

"Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ басқармасының директоры Зүлфия Байсақова сәуір айында сенім телефонына түскен қоңырау саны артқанын мәлімдеді.
Қаңтар айында тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша сенім телефонына (Call-center: 150) 150 қоңырау түссе, сәуір айында 500-ден астам қоңырау түскен. Егер жәбірленуші телефон шала алмаса, онда ол тәулік бойы қосулы тұрған WhatsApp нөміріне SMS жібере алады. Осы уақытқа дейін мессенджерге 120-дан астам хабарлама келіп түскен. Күн сайын бұл хабарламалардың саны артуда. Бұдан жәбірленушінің агрессордың назарынан алшақ кете алмайтынын байқаймыз, - деді ол. 
Қазақстандағы дағдарыс орталықтарына да қоңыраудың көп түсіп жатқанын айтты.
Қазір карантин жағдайына байланысты бірқатар дағдарыс орталықтары жұмыстарын уақытша тоқтатты. Бірақ, Алматы қаласындағы мемлекеттік дағдарыс орталығы карантин уақытында 31 адамды қабылдады. Бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Заң жүзінде зорлық көрсетушілердің жазасының жеңілдетілгені қоғамда зорлық-зомбылық көрсеткішінің артуына алып келді, - дейді ол.
Басқарма директорының айтуынша, пәтерде ұзақ уақыт бірге тұрғанда адамдар өздерінің эмоцияларын шектей алмайды. Бұған әлеуметтік-экономикалық жағдайдың да әсері бар.
Тағы бір мәселе, агрессор көп жағдайда манипуляция жасап, карантин кезінде жәбірленушінің ешқайда кете алмайтынын жақсы түсінеді. Бүгінде жәбірленушілер қоғамдық көліктер тоқтап, түрлі мекемелер жұмысын тоқтатқан кезде қиын жағдайда қалып отыр, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы