Түркияның шығысында жойқын жер сілкінісі болды

25 Қаңтар 2020, 10:30
2189
Бөлісу:
Түркияның шығысында жойқын жер сілкінісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды, деп хабарлайды BBC.

Магнитудасы 6,8 балл болатын жер сілкінісінің эпицентрі Элязыг облысында Сивридже қаласының ауданында 6,7 км тереңдікте болды.
Элязыгтегі жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 18 адам, жарақат алғандар саны 405 адамға дейін өсті. Біз қираған ғимарат астында қалып қойған 30 адамды құтқару үшін бар күшімізді салудамыз, - деді ішкі істер министрі Сулейман Сойлу.
Жер сілкінісі шамамен 20:55-те болып, 15 секундқа созылған. Қайталанған сілкініс магнитудасы 5,4-3,3 балл болды.
Элязыг пен Малатья облысына 170 қосымша жедел жәрдем көлігі мен медициналық тікұшақтар жіберілді, - деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа.

Зардап шеккен аудандарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, көрпе және палаткалар тиелген жүздеген жүк көлігі жіберілді. Түнде температура 0-ден төмен түседі. Онда сондай-ақ іздестіру-құтқару жасақтары мен дәрігерлер жіберіледі.

Жер асты дүмпулері Сирияда, Ливанда және Иранда да сезілген.


Өзгелердің жаңалығы