Түркияда жоғалып кетті деген қазақ бизнесмені байланысқа шықты

7 Наурыз 2019, 17:12
2060
Бөлісу:
Түркияда жоғалып кетті деген қазақ бизнесмені байланысқа шықты

Алматы, BAQ.KZ. «Киндер сюрприз» тәттісін алғаш Қазақстанға әкелген кәсіпкер Бауыржан Қалдаев туыстарымен байланысқа шықты. Бұл туралы «NewTimes.kz» хабарлады.

Бұған дейін Алматы облысының тұрғыны Бауыржан Қалдаевтың Түркияға іссапармен барып жоғалып кеткендігі туралы хабар тараған.
«Ол байланысқа өзі шықты. Бұған дейін сөйлесуге мүмкіндігі болмапты. Қазір Түркияда жүр, әпкесімен Skype арқылы сөйлескен», - деп мәлімдеді Lider.kz еріктілері.
Өзгелердің жаңалығы