Түркиядағы зілзаладан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

25 Қаңтар 2020, 15:12
1343
Бөлісу:
Түркиядағы зілзаладан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Элязыг провинциясындағы жойқын жер сілкінісінен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді

Түркиялық тараптың алдын ала мәліметі бойынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деп жазды Айбек Смадияров Telegram парақшасында.

Еске сала кетейік, Түркияның шығысында жойқын жер сілкінісі болып, салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алғанын жазған болатынбыз. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия халқы мен президентіне көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. 


Өзгелердің жаңалығы