Түркияда туристер ыстық майға күйіп қалған

20 Қыркүйек 2019, 09:34
2375
Бөлісу:
Түркияда туристер ыстық майға күйіп қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Кестель курортындағы Club Paradiso қонақүйінде келушілер ыстық майға күйіп қалған. Бұл туралы Lenta.ru сайты жазды.

Зардап шеккендердің ішінде Екатеринбургтен келген 3,5 және 10 жастағы балалар да бар. Олардың әкесінің айтуы бойынша, барлығы 7 адам зардап шеккен.

Оқиға кешкі ас кезінде болған. Аспазшы кешкі шоу кезінде қателік жіберіп алып, ыстық май қонақтардың үстіне төгілген.

«Адамдар расымен өртенді. Таңу кезінде олардың терісі бинтпен бізге сыпырылып жатты», - дейді ол.

Бір бала әзірге ұшаққа жарамайды. Оның денесінің 27% күйген. Екінші баланың қолы мен басы күйген.

Қонақүй барлық ем-домға қажетті шығынды өз мойнына алған. Сонымен қатар қонақүй басшылығы балалардың отанына барып ары қарай ем алу шараларына да қаржы бөлген.



Өзгелердің жаңалығы