Түркияда коронавирустың ауыр жағдайымен тіркелгендер саны артты

30 Тамыз 2020, 11:39
1213
Бөлісу:
Түркияда коронавирустың ауыр жағдайымен тіркелгендер саны артты

Алматы, BAQ.KZ. Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар арасында сырқаттың ауыр ағымы көбейгенін мәлімдеді. Бұл туралы министр Twitter-де жазды.

Бүгін вирус жұқтырғандар саны тағы 546 науқасқа артты. Қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 6 мыңнан асты. Оған қоса сырқаттың ауыр жағдайымен тіркелу көбейді, - деп жазды министр.

Түркияда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 267 064 науқасқа жеткен, қайтыс болғандар саны 6284. Ал 242 812 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Вирустың таралуына қарамастан ел билігі туристік маусымның жалғасуына бар жағдайды жасауда.

Өзгелердің жаңалығы