Түркия лаңкестерді елдеріне депортациялап жатыр

12 Қараша 2019, 07:26
1618
Бөлісу:
Түркия лаңкестерді елдеріне депортациялап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия АҚШ азаматы саналатын "Ирак және Левант" лаңкестік ұйымының содырын еліне депортациялады, деп хабарлады 24.kz.

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Сондай-ақ, алдағы уақытта арнайы орталықта бақылауда отырған германиялық жеті лаңкесті де еліне қайтару жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Режеп Тайып Ердоған мемлекеттің миграциялық орталығында 1 200 содырдың барын айтқан еді. Олар – Анкараның "Бейбітшілік қайнары" операциясы барысында қолға түсіп, қамауға алынғандар. Жалпы Түркия барлығы 2,5 мың адамды өз отанына қайтармақ. Олардың басым бөлігі Еуропалық одақ елдеріне депортацияланады.

Өзгелердің жаңалығы