Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

8 Тамыз 2020, 10:46
1305
Бөлісу:
Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия халықаралық авиакомпаниялардың кейбір елдермен, соның ішінде Қазақстанмен жолаушылар рейстерінің орындалуын тоқтатты. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Елшілік бұл шешім Түркия мен Қазақстан арасында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық авиакомпанияларды арналған. Шешім қабылданғаннан кейін 5 және 6 тамызға жоспарланған соңғы өзара рейстер қажетті рұқсаттарды беру арқылы орындалды. Рейстерді қайта бастау туралы мәселе пандемияның беталысын ескере отырып қаралатын болады.
Түркия бауырлас Қазақстанның коронавирус пандемиясымен күрес аясында қабылдаған шараларын бағалайды, - делінген хабарламада.

Елшілік осы уақытқа дейін Түркиядан Қазақстанға екі рет медициналық көмек жеткізілгенін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков 10 тамыздан бастап Түркияға туристік рейстерді қайта бастау жоспарлары туралы мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы