Түркістанның Сарыағаш ауданында 13 тұрғын үй салынуда

7 Наурыз 2019, 17:26
2136
Бөлісу:
Түркістанның Сарыағаш ауданында 13 тұрғын үй салынуда

Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 5 қабаттан тұратын 45 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылысы 2018 жылы басталған тұрғын үйлер биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл жобаларға облыстық бюджеттен 5 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталып отыр. Көпқабатты тұрғын үйді салу үшін Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан 120 гектарға жуық жер телімі бөлінген. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 585 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

Бұдан басқа, аудандағы Құркелес ауылдық округінде 300 және 600 орындық екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Қапланбек елдімекеніндегі Жәутіков атындағы мектепке оқу корпусы мен спорт залы, асхана және шеберханасы салынуда. Сонымен қатар, Жылға ауылдық округінде Ғ.Мұстафин атындағы 300 орындық мектеп және  Дарбаза ауылдық округінде мектепке қосымша 150 орындық оқу корпусы мен жиналыс залы, спорт зал, асхана және шеберханалары бой көтеруде.

Өзгелердің жаңалығы