Түркістанның екі тұрғынынан қызыл кітапқа енген құстар тәркіленді

4 Сәуір 2020, 19:10
2812
Бөлісу:
Түркістанның екі тұрғынынан қызыл кітапқа енген құстар тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының екі тұрғынынан қызыл кітапқа енген құстар тәркіленді.

2020 жылғы 3 сәуірде "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның инспекторлары Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барысында Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкет ауылының екі тұрғынының үйінен Қызыл кітапқа енген құстар (2 бас бүркіт, 1 бас үкі) табылып, тәркіленді, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда, құстар Шымкент қалалық зоологиялық саябағына уақытша ұстауға тапсырылды.

Аталмыш фактілер Сайрам ауданы полиция бөлімінің СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабымен тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы