Түркістанда жыл соңына дейін 81 көше толық жөндеуден өткізіледі

10 Тамыз 2020, 20:01
1333
Бөлісу:
Түркістанда жыл соңына дейін 81 көше толық жөндеуден өткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық мәжілісте өңірдегі құрылыс қарқыны мен Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою барысы жайлы айтылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мырзакент шағын аудандағы жаңа 386 үйдің 125-де құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Фирдауси мен Өргебас ауылдарында да жаңа баспаналар бой көтерген. Ондағы инфрақұрылымдар жаңартылуда. Өмірзақ Естайұлы сала басшыларына бекітілген кестені басшылыққа ала отырып, барлық құрылыс нысандарындағы жұмыстарды жіті бақылауды тапсырды.

турк1.jpg

Түркістанда биыл пайдалануға берілетін ірі нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұңғыш Президент саябағы, Арбат, Қ.А.Ясауи мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенелерін қалпына келтіру, Мәдени-рухани орталығының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы мен абаттандырылуда. Сондай-ақ Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру, желілік саябақ, Кеңсай-Қосқарған-2 су қоймасы, сауықтыру кешені, Шошқакөл көлдер жүйесін жаңғырту және дендросаябақ нысандары бойынша құрылысы жүргізіліп жатыр.

Биылғы жылы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында әкімшілік-іскерлік орталығына іргелес орналасқан, яғни инфрақұрылымы толық аяқталған жерлерде 106,3 шақырым құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде 70 көшеде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату, жол негізін даярлау, аяқ жолдардың жиектастарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 60 көшеде асфальт төселіп, басым бөлігінде аяқжолдар жүргізілген. Күрделі құрылыс нысандарының аумағында және  оларға іргелес жатқан 11 көше бойынша жөндеу жұмыстары күзге дейін аяқтау жоспарланған.


Өзгелердің жаңалығы