Түркістанда қайтыс болған дәрігерлердің отбасына жәрдемақы төленеді

9 Шілде 2020, 22:46
1394
Бөлісу:
Түркістанда қайтыс болған дәрігерлердің отбасына жәрдемақы төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс бойынша COVID-19 инфекциясын 132 медицина қызметкері жұқтырған, оның 24 емделіп шықты. Ал пневмония дертінен өкінішке қарай, 5 дәрігер көз жұмды. Жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы көрсетіледі.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – бізге парыз, – деді облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлық қызметкерлерге материалдық үстемақы бойынша наурыз-маусым айларына 17 368 қызметкерге үш санат бойынша барлығы 2 867,1 млн теңге берілген. 
Өзгелердің жаңалығы