Бас жаңалықтар
Түркістанда қоғамдық көліктер жаңаруда
16 Сәуiр 2019, 22:29 470

Түркістанда қоғамдық көліктер жаңаруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда қоғамдық бағыттағы көліктер жыл соңына дейін толығымен үлкен автобустарға алмастырылмақ. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта 25 млн теңге тұратын «Yutong» маркалы 11 автобус  халық игілігіне қызмет көрсетуге дайын.  Жаңа көліктер №4 «А» және №30 бағыттарға шығарылды. Ертеңгі күннен бастап қалған автобустар №4, №5, №7, №10 №31 бағытында жолаушыларды тасымалдайтын болады.

«Кестеге сай күнделікті 270 қоғамдық көлік түркістандықтарға қызмет көрсетеді. Сапалы қызмет, тұрғындарға жайлылық сыйлау мақсатында шағын автобустардың орнына Қытай ХР-нан 2018 жылы шығарылған үлкен автобустар сатып алдық. Евро-5 үлгідегі, яғни таза экологиялық автобустардың сиымдылығы 54 орынға лайықталған. Мамыр айында тағы да 10 автобусқа қол жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», – деді «Жолаушы» ЖШС мекемесінің атқарушы директоры Медетбек Жұмагелдіұлы.

Ал қалалық «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің басшысы Байдулла Оразбеков жолақы қымбаттайды деп алаңдауға еш негіз жоқ екендігін айтты. 

Сізден жаңалық