Түркістанда мерекелік азық-түлік жәрмеңкесі өтті

8 Мамыр 2019, 21:54
1876
Бөлісу:
Түркістанда мерекелік азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда Отан қорғаушылар күніне орай азық-түлік тауарларына арналған жәрмеңкеcі өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған қаланың 12 тауар өндірушілері қатысып, 2 тоннаға жуық 30-дан астам өнім түрі ұсынылды. Азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада саудаланды.

"Облыс орталығы Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырудың игі дәстүрге айналып отыр. Бұл – қала тұрғындары мен ауыл еңбеккерлері үшін өте тиімді. Ең бастысы, экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдер тұрғындардың денсаулығына пайдалы, баға мәселесінде де  қолайлы. Сондай-ақ, жәрмеңке әр аптаның соңында және мереке күндері өтетін болады", - делінген таратылған ақпаратта. 

Жәрмеңке сөрелерінен Түркістан қаласының шаруа қожалықтары мен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері: ет, сүт, қаймақ, қымыз, шұбат, жұмыртқа, өсімдік майлары, көкөніс пен жемістің сан алуан түрлерін арзандатылған бағада сатылды. 

9 мамыр «Жеңіс күні» қарсаңында сағат 10.00 мен 15.00 аралығында  жәрмеңке өткізіледі. 


Өзгелердің жаңалығы